Он жастағы қыз өз үйіндегі көлік ішінде өртеніп кетті. Оқиға Ақтөбе облысында орын алды, – деп хабарлайды Massaget.kz.
«27 тамызда Хромтау ауданының Дөн ауылында аулада тұрған ВАЗ автокөлігі өртенді. Бұл көрші үйде орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларымен дәлелденді. Автокөліктің ішінде 10 жасар қыз болған, ол қайтыс болды», – деп хабарлады ведомство.
Қайғылы оқиға болған кезде баланың ата-анасы үйде болған.
Өрттің себептері анықталып жатыр. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!