Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

12 жастағы оқушы көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен

11.11.2024

328 0

Фото: stan.kz

12 жастағы мектеп оқушысы көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп, ауруханаға түсті. Оқиға Атырау облысында орын алған – деп хабарлайды Massaget.kz.

Атырау облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған қыздың өз-өзіне қол жұмсау әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

«Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын мұқият тексеріп, анықтап жатыр. Тергеу амалдарының құпиялығына байланысты жеке деректер жарияланбайды», – делінген хабарламада.

Қайғылы оқиға 9 қараша күні түнде «Binom» мектеп-лицейінің 12 жастағы оқушысының басынан өткен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: