Бейсенбі, 21 қараша, 14:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

13 жастағы қызды екі ағасы зорлаған

01.11.2024

522 0

Сурет: hol.org.ua

Аталған жағдайға Жамбыл облысының полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Alash.KZ.

«ҚР Қылмыстық кодексінің «Жас баланы зорлау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмысқа қатысы бар екі күдікті анықталды. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жедел түрде бір күдіктіні құрықтап, қамауға алды», – делінген ведомство хабарламасында.Екінші күдіктіге іздеу жарияланды, оны ұстау үшін барлық қажетті шаралар қолданылуда.

Сондай-ақ балалар омбудсмені Динара Зәкиева жағдайдың мән-жайын айтты.“Полиция басқармасымен бірге 6 жыл бойы екі ағасынан зорлық көрген 13 жастағы қыздың ісімен айналысып жатырмыз. Қылмыстық іс қозғалып, қыз бен оның анасы қауіпсіз жерге жеткізіліп, барлық қажетті көмек көрсетілуде. Қыз мектеп психологы жүргізген сауалнамада белгі берген. Бірақ тиісті жұмыс жүргізілмеді. Мен немқұрайлылық танытқан шенеуніктерді жауапқа тарту үшін прокуратураға хабарластым», – деді Динара Зәкиева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: