Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 04:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

15 ақпан – кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылған күні

13.02.2022

1477 0

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 33 жыл толды. Атаулы күнге орай, 15 ақпанда облыс әкімінің қатысуымен «Тағзым алаңы» аллеясында орналасқан ескерткішке Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, гүл шоқтарын қойып, митинг өткізіледі. Еске алу шаралары барлық аудандарда ұйымдастырылады.

Айта кету керек, әскери қақтығысқа Сыр өңірінен 827 қатысып, 18 адам қаза тапты. Қазіргі таңда, облыс көлемінде 567 ауған соғысының ардагері бар. Оның 52-і мүгедек. Аудан соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің мәселелері бойынша 11 үкіметтік емес ұйым тіркелген.

Сонымен қатар, «Ардагерлер туралы» Заңында сәйкес, бір реттік ақшалай әлеуметтік көмек 9-мамыр Жеңіс күніне орай төленетін болды деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдікәрімов мәлімдеді.

– Төлемнің мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты биылғы жылы Ауған соғысының, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардабын жоюға қатысушылары мен мүгедектеріне, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтарға тікелей қатысқандарға, Совет Армиясының мүгедектеріне, Тәжік-Ауған учаскесіндегі ТМД шекарасын қорғауға қатысқандарға, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысқа қатысқандарға 91890 теңгеден төленеді. Әлеуметтік төлем сәуір айының 25-нен кейін жүргізіледі, – деді М.Әбдікәрімов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: