Дүйсенбі, 10 наурыз, 23:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18,2131
08.03.2025
PDF мұрағаты

16 жасар бойжеткен көпірден секірмек болған

10.03.2025

20 0

Фото: Видеодан алынған скрин

Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

—102 арнасы арқылы кезекші бөлімге «Архар» көпірінде бір қыздың тұрғаны туралы хабар түсті. Бойжеткеннің ойланбай әрекет жасауы мүмкін деген күдік болды. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді. Жағдайды патрульдік полиция полкінің инспекторлары полиция капитаны Дулат Идрисов пен полиция аға лейтенанты Жалғасбек Абдуалиев бақылауға алды. Олар еш кідірместен автокөліктен түсіп, қызбен сөйлесуге кірісті. Полицейлер оны сабырға шақыруға тырысты, — делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, 16 жастағы қыз туыстарымен ұрысып, эмоциялық күйзеліс салдарынан көпірден секірмек болған. Тәртіп сақшыларының тактикалық әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді. Кейіннен ол ата-анасына тапсырылып, қажетті психологиялық көмек көрсетілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: