Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

17 жастағы спортшы қыз өзіне қол жұмсады

24.08.2024

582 0

Фото: t.me/cheposhka

17 жастағы спортшы ұлтына байланысты кемсітілгені туралы жазба қалдырып, өз-өзіне қол жұмсады. Оқиға Ремейде орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Екі жыл бұрын Алтай Республикасынан Новосібірге көшіп келген самбошы Ксения Чепонованың денесін бапкерлері 17 тамыз күні тапқан.

Спортшы телеграм каналында блог жүргізіп келген, марқұм өзінің «соңғы жазбасын» осы блогта жариялапты.

«Мен жақсы адам емес шығармын, бірақ жаман адам емеспін, менің кінәм не екенін түсінбеймін? Туғаннан көзімнің сығыр болғанынан ба, әлде терімнің түсі қараторы болғаны үшін бе? Кейбіреулер ұлтымды әзілге айналдырғанға дейін мен өз ұлтымнан ешқашан ұялған емеспін», — делінген спортшының соңғы жазбасында.

Чепонованың туыстары мен достары “Окно» жобасына берген сұхбатында мектепте оқушылардың Ксенияны “сығыр көз» және «қара нәсілді» деп мазақ қылғандарын айтты. Отбасы мазақ етуді бастаған сол мектепте оқитын самбо бапкерінің қызы деп есептейді.

Тергеу комитеті Чепонованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Спортшының туысының айтуынша, іс «суицидке итермелеу” бабы бойынша қозғалған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: