Жұма, 22 қараша, 21:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

18 жастағы жігіт терезеден секіріп кеткен

23.09.2024

367 0

Фото:Sadaqmedia.kz

Желіде тағы бір алматылықтың көпқабаттың үйдің 16-қабатынан секіргені туралы ақпарат тарады. Полиция бұл фактіні растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі қолданушысының айтуынша, бала Таугүл шағынауданында Нархоз университетіне қарама-қарсы орналасқан үйдің терезесінен секірген.

“Балаларыңыздың телефондарын тексеріңіз, тіпті оған бұл ұнамаса да. Олардың қылықтары мен әрекетін қадағалаңыздар. Қазір мерт болған баланың жеке басы мен оның мекенжайы анықталып жатыр”, – деді алматылық тұрғын.

Полиция аталмыш жайт бойынша қылмыстық іс қозғады. Бірақ оқиғаның мән-жайын әзірге мәлімдей алмады.

“Осы факті бойынша Әуезов аудандық ІІБ қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: