Сенбі, 21 желтоқсан, 22:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

 2 жасар бала Каспий теңізіне батып, көз жұмды

07.06.2024

340 0

Сурет:видео скрин

Маңғыстауда екі жасар бала Каспий теңізіне суға кетті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды. 

Қайғылы оқиға Қарақия ауданы Құрық ауылынан бес шақырым жерде болған.

Төтенше жағдай департаментіне 2022 жылы туған баланың суға батқаны туралы ақпарат кеше кешкі сағат сегіз жарымда түскен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар бүлдіршіннің денесін судан алып шықты.

Баласынан көз жазып қалған ата-ананың рұқсат етілмеген жерде шомылғаны анықталды. Тіпті суға түсу ережелерін де сақтамаған дейді мамандар.

“Баланың денесі судан шығарылып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Жағдайды жедел тергеу тобы анықтап жатыр. Осыған байланысты төтенше жағдай департаменті Маңғыстау облысының тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады”, – деді Маңғыстау облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкері Бектас Мұратов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: