Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

22 жасар жігітті неке қию күнінде жауыздықпен өлтіріп кеткен

13.11.2024

393 0

Өткен түнде көңіл көтеру орындарының бірінде 22 жастағы жігіттің өлімі орын алды. Оқиға Көкшетауда орын алған деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Туыстарының айтуынша, барлығы жас жігіттің неке қию күні орын алды. Оқиға жайлы Ақмола облысының полиция департаменті түсініктеме берді.

«12 қараша күні Көкшетаудағы көңіл көтеру орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі тіркелді. Осыған байланысты полицейлер ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар, жанжалға қатысқан барлық адамдар анықталып, ұсталды. Алты адамға қатысты ҚР ҚК 293-бабы, 2-бөлімі («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Аталған фактілер бойынша жан-жақты және объективті тергеу жүргізілетінін және тергеу барысы басшылықтың бақылауында екенін мәлімдейміз», — деді аймақтық полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Бахтияр Өтеген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: