Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

23 мың қазақстандық жалға берілетін тұрғын үйге субсидия алуға шақырту алады

25.04.2022

538 0

Ертең 23 мың Қазақстан азаматы мемлекеттен бірелетін тұрғын үй жалдауға субсидия алу үшін өтінім беруге шақырту алады. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Алмас Ыдырысов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің банк жалға берілетін тұрғын үй субсидиясына өтінімдерді қабылдай бастады. Қабылдау биыл 18 сәуірден қолға алынды. Аталған бағдарламаға қатыса алатын 70 мың қазақстандықтың 12 мыңына Отбасы банктің атынан хабарлама жіберілді. Ертең тағы 23 мың азаматқа жалға берілетін тұрғын үй субсидиясын алуға шақырту хабарламасы жіберіледі. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы түскеннен кейін субсидия беруді бастаймыз деп отырмыз», – деді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Банк басшысының айтуынша, өтініш беру үшін кезекке тұрып, банкке келудің қажеті жоқ. Өтінім онлайн форматта қабылданады.

«Жалға берілетін тұрғын үй субсидиясын алуға мына 4 санатқа жататын Қазақстан азаматтары жатады. 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалар», – дейді ол.Айта кетейік, бүгінде 601 мың қазақстандық тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде 215 мыңы көпбалалы отбасы, 1 және 2 топтағы мүгедек, жетім балалар және мүгедек баласы бар отбасылар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: