Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 23:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

3 жасар бала магнит жұтып, көз жұмған

23.09.2024

361 0

Фото: time.kz

Үш жасар баланың өлімінен кейін дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шілде айында Қостанай облыстық балалар ауруханасында құрсақ қуысындағы магниттерді алу отасы жасалған. Үш жасар бала отадан кейін көз жұмды.

Біз баланың асқазаннан жеті магнитті алып тастадық, бірақ үшеуі ішекке түсіп кетті. Емдеу тәсілі бойынша магниттің табиғи жолмен шығуын күту керек. Балаға жүйелер орнатылып, ішек қызметі ынталандырылды. Дегенмен, рентген түсірген кезде магниттердің орнынан қозғалмағаны анықталды. Бір күн бұрын бала өзін жақсы сезініп, қозғалып, ойнап жүрді. Артынша магниттердің ішектің бір бөлігін тесіп, перитонит басталғаны анықталды. Біз магниттерді алып тастадық. Ал операциядан кейін баланың жүрегі шок салдарынан тоқтап қалды. Сараптама сөзімді дәлелдеп отыр, – деп түсіндіреді аурухананың хирургиялық қызметінің жетекшісі Игорь Белображицкий.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қостанай қаласы бойынша департаментінің қорытындысы бойынша балаға медициналық көмек көрсету кезінде дәрігерлер бірқатар клиникалық диагностика және емдеу хаттамаларын бұзғанын айтты. Дәрігерлерге қатыстысты қылмыстық іс қозғалды.

Кінәлілерді анықтау және олардың іс-әрекеттері дәрігерлік қателік болып табыла ма, жоқ па деген сұрақтар әлі де шешілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: