Куәгерлердің айтуынша, жантүршігерлік оқиға Алатау ауданы Райымбек даңғылы бойындағы «Ақкент» шағын ауданында болған. 3 жасар бала 7 қабаттағы терезеден құлап, оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүлдіршін ата-анасы ұйықтап жатқанда, олардан бұрын оянып абайсызда терезеден құлап кеткен.
Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді.
“Алатау аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!