Жұма, 18 сәуiр, 11:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

«41 адам қатысқан»: Ұлттық ұлан академиясында жаппай төбелес болды

13.04.2025

461 0

Петропавлдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясында бірінші курс курсанттары төбелесті, – деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ақпарат жергілікті пабликтердің бірінде пайда болды. Мұндағы мәлімет бойынша, жанжалға 41 адам қатысқан. Араларында осы оқу орнында оқып жатқан Тәжікстан Республикасының азаматтары да бар.

Бұл фактіні ҚР Ұлттық ұланы академиясының баспасөз қызметі растады. 

– Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында болған бірінші курс курсанттары арасындағы қақтығыс фактісі бойынша тексеріс жүріп жатыр. Оқиға нәтижесінде бірнеше курсант жеңіл дене жарақаттарын алған. Оларға тиісті медициналық көмек сол жерде көрсетілді, ауруханаға жатқызу қажеттілігі болмады. Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр, – деп жауап берді баспасөз қызметінен. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: