Жексенбі, 24 қараша, 05:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

5 адам табиғи газдан уланған

19.02.2021

1461 0

Төтеншеліктер өрт қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Мәселен жыл басынан бері облыс көлемінде 66 өрт оқиғасы орын алған. Яғни өткен жылмен салыстырғанда 34,8 пайызға көбейіп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс бойынша ТЖД бастығының міндетін атқарушы Руслан Қайрақбаев мәлімдеді.

Өрттің басым бөлігінің шығу себебі электр желілерінің қысқаша тұйықталуынан, тұрмыстағы пештің ақаулығынан, тұрмыстық газ қондырғыларының ақаулығынан болып отыр.

-Бүгін 06.00 шамасында 5 адам табиғи газдан уланған. Адамдар аман. Ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда дәрігерлердің бақылауында. Соңғы уақытта өрттің жиі шығуы тұрғындардың қауіпсіздік ереже талаптарын сақтамауынан, немқұрайлы қарауынан пайда болып отыр. Осы орайда шаһар тұрғындарынан өрт қауіпсіздік ережесі талаптарын сақтауды сұраймыз, – деді Руслан Сламбекұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: