Бейсенбі, 26 желтоқсан, 10:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

5 жасар қызды автобус басып кетті (видео)

13.04.2021

2760 0

Шымкентте жолдан жалғыз өтпек болған 5 жастағы қызды автобус басып кетіп, бірнеше метр жерге сүйреп әкеткен.

Куәгерлердің айтуынша, қоғамдық көлік жүргізушісі кішкентай қызды тіпті байқамаған да көрінеді. Оқиған түскі сағат 1-лер шамасында болған. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, кішкентай қыз жолдың қақ ортасында соңғы сәтте жан-жағына жалтақтап тұрған екен. Оқиғаның видеосын әкесі түсірген. Оның айтуынша, қызын автобус қаққан күйі он метрдей сүйреп кетіпті.

Оқиғаның куәгерлері жүргізуші оны мүлдем байқамағанын айтады. Тек сырттағы халық шулап айқайлаған соң ғана тоқтапты.

Куәгер Мадина Акбаралиева: «Негізінде қыз абтобустың астында қалған кезде бәрі шулады. Жүргізушіге «автобустың астына қара» деп айқайлады. Ол рульде құлағында «наушнигі» болды. Халық айқайлаған соң «не болды?», «не деп жатырсыңдар?» деп жерге түсті», – дейді.

Куәгер Әмина Тұрғанбаева: «Ол рульде тамақ жеп келе жатыр еді. Құлағында «наушник» болды-ау… оны көрмедім, бірақ тамақ жеп келе жатқанын көрдім. Кондуктор екеуі алдында тұрып. Сөйтіп, автобус бұрылмақ болды ма.., сонымен, ана қызды дөңгелегімен сүйреп кетті», – дейді.

Куәгерлер сол сәтте бүлдіршіннің жалғыз болғанын, ол дүкенге кіріп сағыз алған соң базар жаққа қарай бет алғанын баяндады.

Әкесі кенжесін кеше жер қойнына тапсырғандарын айтты. Ол қызым базарға менің жұмысыма келе жатты-ау деп топшылайды.

Қыздың әкесі Мургумшах Набиев: «Молдағұлов көшесінде кішкентай қызды қағып кетті» дегенді естіп жүгіріп келсем, өз қызым. Автобус баллоны езіп жіберіпті. Ішек-қарны ақтарылып жатыр. Мен келер алдын тірі болған екен. Жүргізуші қайда қарады?» – дейді.

147 бағыттағы автобус «T-Bus» компаниясына тиесілі.

Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Наурыз Сүгірәлиев: «Егер жүргізушінің кінәсі анықталып жатса, келісімшартты бұзу мәселесі қаралатын болады. Тергеу амалдары нәтижесіне сәйкес шешім қабылданады. Сонымен қатар барлық көлік компаниясына ескерту жасалды. Қазір бұл жайтты полиция тергеп жатыр. 1979 жыл туған автобус жүргізушісі қамауда отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін», – дейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: