Қайғылы оқиға Қостанай облысы Садовое ауылындағы «БК-стройға» мекемесіне тиесілі кірпіш зауытында болған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды tobolinfo.kz
Полиция департаментінде бұл оқиғаны растады. 60 жастағы жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Басылым мәліметінше, ер кісі ресми түрде жұмысқа тұрмаған. Құжат жүзінде оның қызы осы компанияда тіркелген. Марқұмның артында 6 баласы қалды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!