Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

8 жасар қыздың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен

12.10.2024

340 0

Сурет:pixabay

8 жасар қыздың үстіне қақпа құлап кеткен. Оқиға Атырауда орын алған. Бұл туралы  Мой Город басылымы хабарлайды. 

Оқыс оқиға 8 қазан күні болған. Сегіз жасар қыздың үстіне қақпа құлап, бүлдіршін ауыр бас ми жарақатын алған.

Мектеп оқушысы жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. Қазір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«8 қазанда болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды», – делінген хабарламада. 

Полицияның мәліметінше, қылмыстық іс ”қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету” бабы бойынша қозғалған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: