Жұма, 04 шiлде, 23:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48,2161
01.07.2025
PDF мұрағаты

8 жастағы бала үшінші қабаттан құлап кеткен

04.07.2025

58 0

Қарағандыда 3 шілде күні шамамен 18:30-да үшінші қабаттың терезесінен 8 жастағы бала құлап түсті, деп хабарлады turkystan.kz сайты eKaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Шахтерлер даңғылы бойындағы аулалардың бірінде болған. 2017 жылы туған бала үлкендердің қарауынсыз қалып, терезеден құлаған.

Бала түрлі жарақаттармен дереу ауруханаға жеткізілді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі таңда баланың жағдайы – орташа ауыр деңгейде, бірақ тұрақты.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/263472-qaragandyda-8-zastagy-bala-usinsi-qabattan-qulap-ketti

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: