Сенбі, 30 қараша, 05:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95-2105
30.11.2024
PDF мұрағаты

«80 әйел күйеуінің қолынан қаза табады» – Дина Төлепберген

04.04.2024

504 0

Сурет: stan.kz

Танымал журналист, қоғам белсендісі Дина Төлепберген отбасындағы зорлық-зомбылыққа ұшырайтын әйелдердің статистикасын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналистің айтуынша, зорлық-зомбылық көрген әйел саны нақты ресми мәлімет екен.

“Бүгін Салтанаттың соққыға жығылған кей видеоларын көріп, жүрегіміз қанжылады. Қандай жауыздық… Бірақ жазықтының бір күрсінгенін байқамадым. Өзін ақтап, қиыннан қиыстырып әлек. Бұл сот барлық шоудың төресі болды-ау”, – деп жазды тележүргізуші. 

Сонымен қатар күйеуінен таяқ жеп, ажал құшатын әйелдердің статистикасын да жариялады. 

“Статистикаға сенсек, елімізде жыл сайын кемі 80 әйел күйеуінің қолынан қаза табады екен. 5 мың әйел соққының құрбаны болып жатыр. Бұл полицияда тіркелген істер ғана. Расында, қаншама әйел үндемей үрейленіп, таяқтың астында күн кешіп отыр. Егер сізді күйеуіңіз ұрып-соқса, басыңызды бұқпаңыз. Дабыл қағыңыз! Қызға қол көтерген қылмыскер түрмеге өмір бойына тоғытылсын!”, – деп ашынды Дина Төлепберген. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: