Жұма, 27 желтоқсан, 00:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

9 жастағы баланың мойнына темір шарбақ кіріп кеткен

05.08.2024

395 0

Сурет: видео скрин

9 жастағы бала велосипедпен кетіп бара жатып, үшкір темірден жасалған шарбаққа құлап, денесінің бірнеше жеріне темір кіріп кеткен. Оқиға 1 тамыз күні Алматыдағы дәріхана қоршауында орын алған, – деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел жәрдем баланы дереу Алматы балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөліміне жеткізген.

Балаға аралас жарақат деген диагноз қойылды. Жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, трахея мен ауыз қуысының зақымдалуы мен мойын жарақатын алған. Төменгі жақтың артқы кортикальды пластинкасының оң жақ бұрыш аймағы сынған. Баланың мойын аймағында ұзындығы 6 см жара болды, одан 4 см/10 см өлшемді бөгде зат – металл қоршау бөлігі шығып тұрды, – дейді дерігерлер.

Дәрігерлер баланың денесінен найзаның ұшы сияқты металды алып тастау үшін 1,5 сағат ота жасаған.

Қазір баланың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде қарқынды терапиядан өтіп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: