Ақтауда әйел адам жоғары қабаттан құлап, мерт болды, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Оқиға №33 шағынауданда болған. Полиция қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болған. Жедел тергеу тобы оқиға орнына келген. Аймақ сары лентамен қоршауға алынған.
Полиция мәліметінше, оқиға 30 тамызға қараған түні болған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!