Жұма, 27 желтоқсан, 06:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Әйелімен жанжалдасқан зейнеткер өзін жарып жіберді

23.05.2024

372 0

Сурет: видео скрин

Петропавлда 94 жастағы зейнеткер үйін газ баллондарымен жарып жіберген. Бұл кезде қарт адамның өзі іште болған, алайда таңғаларлық жағдайда аман қалған. Көршілерінің айтуынша, бұл әрекеттің себебі зейнеткердің әйелімен жанжалы болуы мүмкін. Оның жұбайы оқиға болар алдында қатты соққыға жығылған, – деп хабарлайды Massaget.kz.

80 жастағы Галина Каменеваның баласымен бірге тұратын үйіне көршілерінде газ баллоны жарылғаннан кейін зақым келген. Бірақ бұл жағдайдың алдында оған көршісі келген. Әйел соққыға жығылған.

Кейін полицейлер мен екі жедел жәрдем көлігі оқиға орнына келген. Тәртіп сақшылары үйге кіруге тырысқан. Бірақ зейнеткер сіріңке жағып, артынша жарылыс болған.

«Келген кезде үй толығымен отқа оранды, көрші үйдің сырты да өртене бастады. Зейнеткер терезеден шыққан болуы мүмкін. Полиция пунктіне оған қатысты қоңырау түсті. Бұл шақыруға полиция қызметкерлері келді. Осы уақыт ішінде полицейлер қариямен әңгімелесті. Ол үйді жауып алған, ашпады. Кейін газ-ауа қоспасы жарылып, содан кейін өрт шықты», – деді ТЖД өкілі.

Полиция осы дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр. 94 жастағы зейнеткердің денесі күйіп қалғандықтан, қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: