Әлемдегі тұңғыш түсірілім тобынан құралған экипаж – актриса Юлия Пересильд, режиссер Клим Шипенко мен ғарышкер Олег Новицкий Жерге оралды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Экипаж сағат 10.35-те Жер бетіне тақалған.
Түсірілім тобы ғарышта 12 күн болды.
Қонғаннан кейін іздестіру тобы экипаждың үш мүшесіне «Союздан» шығуға көмектеседі. Медициналық тексеруден өткеннен кейін арнайы рейс оларды Мәскеуге жеткізеді. 19 қазанда олар алғаш баспасөз конференциясын өткізеді.
Фильмнің сюжеті әлі күнге дейін құпия сақталып отыр, бірақ бұған дейін РИА Новости агенттігі ХҒС ғарышкерлерінің біріне операция қажет болатынын айтты. Оны денсаулық көрсеткіштеріне байланысты Жерге қайтара алмағасын, ғарышқа дәрігер жіберу туралы шешім шығарылады, ол Пересильд кейіпкері болады. Фильм режиссері Шипенко фильмнің сюжеті ғарышкерлердің біріне көмек көрсету үшін ХҒС-қа ұшатын дәрігер әйелге қатысты болады деген ақпаратты растады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!