Әнші Серік Ибрагимов үшінші рет ұлды болды, – деп хабарлайды Massaget.kz
«Бізде ше», «Нәзік гүлім», «Махаббатым» атты хит әндердің орындаушысы Серік Ибрагимов үшінші рет сәбилі болды. Сүйінші жаңалықты әнші өзінің instagram парақшасында бөлісті.
«Аллаға сансыз шүкір. Менің үшінші балам дүниеге келді. Баршаңызға жұғысты болсын! Қабырғам, сен батырсың! Ұлды болдым. Баланың атын кім деп қоямыз енді? Біз әлі ойланбадық», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің отбасылық қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды.
«Бауы берік болсын», «Құттықтаймын», «Ғұмырлы болсын», «Сикош, бауы берік болсын балапанның! Сен үшін қуаныштымын, несібелі нәресте болсын!»,- деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін Серік Ибрагимов үшінші сәбиіне гендер пати жасаған еді. Өнерпаздың шығармашылық ән кеші қалай өтті? Сілтемеде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!