Сенбі, 08 қараша, 17:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№85 (2197)
08.11.2025
PDF мұрағаты

Аялдаманы сындырған ер адам ұсталды

10.10.2025

388 0

Фото: видеодан скриншот

Астанада аялдама әйнегін сындырған ер адам анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордалық полиция қызметкерлері қоғамдық мүлікті бүлдірген ер адамды ұстады.

Оқиға түнгі сағат 03:00 шамасында болған. Ер адам мас күйінде аялдама павильонының әйнегін сындырып кеткен. Оқиға куәгерлері полицияға хабар бергеннен кейін, тәртіп сақшылары күдіктіні көп ұзамай ұстады.

Аталған фактіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1 бөлігі «бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 тәулікке қамауға алынды. Елордада жыл басынан бері бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру бойынша 200-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: