14 шілде күні сағат 12:00 шамасында Алматы-Екатеринбург тас жолында Ақшатау кентінен 30 шақырым жерде автобус пен Toyota Estima көліктері соқтығысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға салдарынан Toyota Estima көлігінің төрт жолаушысы мен автобустың бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
11 адам түрлі дене жарақаттарымен медицина мекемесіне жеткізілді.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерін сақ болуға және жылдамдықты шектен асырмауға шақырады», – делінген хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!