Жексенбі, 22 желтоқсан, 13:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Алматы облысында таңертең жұмысқа шыққан отбасыны ұрып кетті – видео

02.06.2021

1075 0

Алматы облысындағы Қасымбек ауылында үш жігіт ескерту айтқан ер адамға жабылып, дәрігер болып істейтін әйелін де соққыға жықты. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Видео авторының айтуынша, таңертең отбасы үйден жұмысқа шығып келе жатқанда қақпаның алдында дәрет сындырып тұрған ер адамды көрген. Оған отағасы ескерту жасапты.

https://www.instagram.com/p/CPmlxR8nzKY/?utm_source=ig_web_copy_link

«Мас жігіт әкеме былапыт сөзбен жауап берген. Сосын оны итеріп, жанжал шығара бастады. Әкем көліктен шығып, оларды қуып жібергісі келді. Бірақ үшеуі жабылып кетті. Анам шығып еді, оны да соққыға жықты. Бізді атып тастаймыз деп қорқытты. Барлығы мас болды, рөлде отырған жігіт те ішіп алған», – дейді ол. 

Оның сөзіне қарағанда, әкесінің басы жарылып, миы шайқалған. Ал дәрігер болып жұмыс істейтін анасының ерні жарылыпты.

Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаның бүгін болғанын хабарлады. Жамбыл аудандық полиция бөлімшесіне әйел арыз түсіріп, күйеуін ұрып кеткен үш белгісіз адамға шара қолдануды талап етті.

«Тексеріс кезінде осы ауылдың 22-24 жастағы үш тұрғыны ұсталды. Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-тармағы – «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Дене жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды», – дейді полицейлер.

Тәртіп сақшылары ұсталған екі жігіттің мас болғанын растады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: