Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында қар көшкіні жүрді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік инспекторлар жолдарды қардан тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«2023 жылғы 24 ақпанда Алматы мемлекеттік табиғи қорығы Талғар бөлімшесінің оң және сол Талғар шатқалының бойымен қызмет кордондарына қатынасатын өрт қауіпсіздігі жолдарына бірнеше жерден биіктігі 1,5 метр ені 15 метр болатын қар көшкіні түсті. Мемлекеттік инспекторлардың күшімен қарды ашу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты қорық аумағына бөгде адамдардың кіріп-шығуына тыйым салынады», – делінген хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!