Құтқарушылар Алматы маңындағы тауға шыққанда жоғалып кеткен 18 жастағы Ақылбек Нұрисламның мәйітін тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Студенттің денесі табылғанын еріктілер мен полиция растады.
Жігіт 2 шілде күні тауға серуендеуге шыққанда жоғалып кеткен. Іздеу операциясына 40-тан астам адам жұмылдырылды. Сондай-ақ төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, полиция, еріктілер, кинологтар мен дрондар іздеу жұмыстарына қатысты.
Полицияның мәліметінше, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Марқұмның өліміне не себеп болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!