Алматы полицейлері 12 мектептен жарылғыш заттар іздеп жатыр.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «12 мектепке жарылғыш зат қойылды» – деген хабарлама білім беру мекемесінің электрондық поштасына келген.
Белгісіз адам ақша аударуды талап еткен. Егер ақша аударылмаса мектептерді жарып жіберетінін айтқан. Қазіргі кезде саперлер ғимараттарды тексеріп жатыр.
«Аталған факті ҚР ҚК-нің 273 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жарылғыш зат туралы хабарлама қалдырған адамның жеке басын анықтауға және оны одан әрі ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде»,-деп хабарлады полициядан.
Дереккөз: stan.kz
Сурет көрнекілік үшін ғаламтордан алынды
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!