Жұма, 27 желтоқсан, 07:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 67-ге жетті

24.01.2024

310 0

Фото: turkystan.kz

Алматыда жер сілкінісі кезінде ресми түрде зардап шеккендер саны 67-ге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тұрғындар дүмпуді сезе салысымен үйін тастап, қашқан. Сол кезде жарақат алып, қолы немесе аяғын шығарып алып, денесі сырылған. Олардың көбі амбулаторлық емдеуге жіберілді. Ал 33 жастағы науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Зәресі ұшқан әйел үшінші қабаттың терезесінен секірген. Оның біраз сүйегі сыныпты. Барлығы сегіз адам ауруханаға жатқызылды. Екеуі травматология бөліміне жіберілді.

Зардап шеккендердің арасында 12 бала бар. Олардың көбі құлаған соң жарақат алған. Ең кішкентай науқас небәрі алты айлық. Анасы абайсызда оны қолынан түсіріп алған. Ал бір бала төсектен құлап кетті.

“Бір науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ауыр жарақат алды, сан сүйегі мен жамбас сүйектері сынған. Аралас жарақат, ми шайқалу, жабық бассүйек-ми жарақаты анықталды”, – деп мәлімдеді Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының хирургия бөлімінің бас дәрігері, депутат Ермек Желдібаев.

Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы – 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сай алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: