Әлеуметтік желілерде Алматыда жолдың қақ ортасында автокөлік жүргізушілері арасында болған жанжалдың видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, бір сәтте ер адамдардың бірі пышақ алып шыққан, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға қалай болған?
Жүргізушілер арасындағы қақтығыс базар маңында болған. Видеода бес ер адамның жол үстінде сөзге келіп қалған сәті түсірілген. Бір кезде олардың екеуі бөлек шығып, аяусыз төбелесе жөнеледі.
Одан бөлек тағы екі адам үшіншісін ұстап қалмақ болады, бірақ ол босап шығып, сөмкесінен бір зат алып, төбелесіп жатқан ерлердің біріне қарай жүгіреді.
Полиция пікірі
Қалалық Полиция департаменті бейнежазбаны зерттеп, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған.
«Жанжалға қатысқандар анықталды, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Әрқайсының іс-әрекетіне жан-жақты құқықтық баға беріліп, тергеу нәтижесі бойынша шешім қабылданады», – деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!