Дүйсенбі, 30 маусым, 06:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47,2160
28.06.2025
PDF мұрағаты

Ақмола облысында жас босанған ана өз-өзіне қол жұмсады

29.06.2025

48 0

ашық дереккөзден

Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде жас ананың денесі табылды. Қайғылы оқиғаның себептерін тергеу анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, әйел мұндай қадамға босанғаннан кейінгі депрессия салдарынан болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Қайғылы жағдай 26 маусым күні Ақмола облысы Бұланды ауданында болған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдің денесі үйдің жанындағы шаруашылық нысаннан табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм өз-өзіне қол жұмсаған — асылып қайтыс болған. Әйелді туыстары үйге оралған кезде тауып алған. Ол нәресте босанған әйел болған.

Полицияның мәліметінше, бұл отбасы бұған дейін әлеуметтік қызметтердің есебінде тұрмаған және жағдайы жақсы отбасылардың қатарына жатады.

Қазіргі уақытта бұл ресми түрде расталмағанымен, әлеуметтік желілер мен жергілікті қауымдастықтарда әйелдің босанғаннан кейінгі депрессияға ұшырауы мүмкін деген болжам қызу талқыланып жатыр.

Аталған қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, мүмкін себептерді зерттеп жатыр. Сот-медициналық және психологиялық сараптамалар жүргізілуде.

АНЫҚТАМА

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, әрбір төртінші әйел босанғаннан кейінгі депрессияға шалдығады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: