Сенбі, 21 желтоқсан, 21:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ақмолада әуе кемесі апатқа ұшырады

22.07.2024

358 0

Сурет: ТЖМ

21 шілдеде сағат 18.54-те Ақмола облысының Жарқайың ауданында АН-2 әуе кемесі апатқа ұшырады. Көлік министрлігі істің мән-жайын түсіндірді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Министрлік мәліметінше, ұшақтан өрт шыққан. Бортта ұшқыш болды. Әуе кемесі «Бүркіт-Авиа» ЖШС-не тиесілі.

Оқиға орнында Ақмола облысы ТЖД күштері жұмылдырылды, өрт оқшауланды, алдын ала ақпарат бойынша адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. 

Осы оқиға бойынша ҚР Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрады. Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: