Бейсенбі, 12 маусым, 23:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42 – 2155
10.06.2025
PDF мұрағаты

Ақмолада көпбалалы ананы пойыз басып кеткен

11.06.2025

177 0

Фото:freepik.com

Ақмола облысында көпбалалы ана өтіп бара жатқан пойыздың астына түсіп қайтыс болды. Төтенше жағдай 10 маусымға қараған түні Аршалы ауданындағы Анар вокзалында орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Көлік полициясы басқармасы қайғылы оқиғаны растады.

«Астана станциясындағы желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада. 

Әлеуметтік желіде 62 жастағы әйелдің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Бейресми ақпарат бойынша, әйел туыстарына «Мені іздемеңдер, кетіп қалдым…» деп жазылған хат қалдырған. Марқұмның ауылдастары шарасыз әрекетін оның ауыр сырқатымен байланыстырады. Олардың айтуынша, отбасы толық, жағдайы жақсы болған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: