Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 13:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ақтау-Алматы бағытындағы ұшақта ер адам кішкентай қызды зорламақ болған

23.12.2024

98 0

Сурет: Alash.kz

Ақтау-Алматы рейсінің жолаушысы 21 желтоқсанда кішкентай қызды ер адам азғындамақ болғанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ақпарат. 

Жолаушы әйелдің сөзінше, ұшақта өзі ұшып келе жатқан кәмелетке толмаған баланың қасына бір ер адам отырып алып, оған жөнсіз әрекет жасаған.

«Салонда жарық сөнген кезде ол қызды азғындамақ болды. Ер адам оның қолын алып, атын, жасын сұрап, мақтап, сипап, дем ала бастады. Бала бұған қарсы тұруға тырысты. Жарық қосылған кезде стюардессалар қыздың жылап тұрғанын көрді. Себебін анықтап, жаныма ауыстырды. Мен оны жұбаттым. Ер адам полицейлердің күтіп тұрғанын білмей, ішіп алып, қатты ұйықтапты. Артында отырған жолаушылар куәгер болуға келісті. Келген бойда қызды ата-анасы, ал ер адамды полиция күтіп алды», – деп жазды әйел Threads парақшасында.

Полиция басқармасының баспасөз қызметі құқықбұзушы ішкі істер органдарына жеткізіліп, алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Мұндай әрекет 5 АЕК (18 460 теңге) мөлшерінде айыппұлды қарастырады.

«Тергеу нәтижесінде басқа заңсыз әрекеттер анықталған жоқ», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: