Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ақтаудағы өрт: Төтенше жағдайлар қызметі өртті ауыздықтауда туындаған қиындықтар туралы айтты

19.12.2021

719 0

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті ірі өрт шыққан Ақтаудағы «Флоренс» тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндіру жүйесінің ақауы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бекболат Әбдіқадыров төтенше жағдай орнындағы жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы мәлімдеді.

«Айта кету керек, тұрғын үй кешенінде өртке қарсы су құбыры өз деңгейінде жұмыс істемейді, атап айтқанда: ішкі өрт сөндіру крандары істен шыққан, ал өрт сөндіру крандарында су құбырының қысымы төмен деңгейде. Осыған байланысты өртті сөндіру қиынға соғуда. Өрт фактісі бойынша ҚР «Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді ол.

Баптың санкциясына сәйкес, бұл жағдайға кінәлілер екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Үй 16 қабат пен шатырдан, төрт кіреберіс пен 304 пәтерден тұрады. Тұрғын үй 2021 жылы пайдалануға берілген. Жауапты «К7 групп» ЖШС», – деді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Ақтаудың 17-шағын ауданындағы «Флоренс» тұрғын үй кешенінде өрт 19 желтоқсан күні түс ауа мезгілінде болған. Өрт 17-қабаттың шатырлары мен ғимараттың шатырын, шамамен 500 шаршы метр аумақты шарпыған.

Облыстың төтенше жағдайлар күштері жүзге жуық адамды эвакуациялады, оның 20-сы балалар. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: