Жұма, 10 қаңтар, 09:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1-(2114)
07.01.2025
PDF мұрағаты

Ақтөбеде бір үйдің төрт адамы суға батып кетті

04.08.2024

450 0

Сурет:pixabay.com

Ақтөбе облысында Ырғыз өзенінде ер адам екі баласымен және туысымен суға батып кеткен, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Қайғылы оқиға 3 тамызда Әйтеке би ауданы Жүргенов ауылында болған.

«Ырғыз өзенінде суға түсіп жүрген бір отбасының 4 адамы батып кетті. Олар 13,11 және 7 жастағы балалар, сондай-ақ оларды құтқаруға тырысқан 39 жастағы ер адам. Ер адам өзінің балалары мен туысын құтқаруға тырысқан», – делінген материалда.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті балалар ата-аналарымен бірге болғанын айтты.

Құтқарушылар, полицейлер және жергілікті тұрғындар мәйіттерді іздеп, оларды судан шығарды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: