Ақтөбе облысындағы Темір ауданында мектеп оқушысын өлтіріп кеткен, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Басылым мәліметінше, оқиға 2 қыркүйекте Темір ауданындағы Кеңесту ауылында болған. Жанжал кезінде 9-сынып оқушысы екінші оқушыны өлтірген. Бұл жағдай сабақтан тыс кезде, түнгі уақытта болған.
Полиция департаменті мен прокуратура бұл дерекке қатысты әзірге ресми ақпарат бермеген.
Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан бұл жағдай бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Мерт болған оқушының да, күдікті оқушының да отбасы есепте тұрмаған.
3 қыркүйекте білім басқармасының жұмыс тобы ауылға келіп, балалар арасында тәртіпті және олардың қауіпсіздігін күшейту, буллингтің алдын алу бойынша шаралар қабылдаған көрінеді. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!