Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 21:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ақтөбедегі шахтада кен опырылып, жұмысшы қаза тапты

21.09.2024

350 0

Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысында шахтада жұмысшы опырылған кен астында қалып, қаза тапты. Бұл туралы  КТК телеарнасы хабарлайды.

32 жастағы марқұмның денесін кеніштен әріптестері шығарып алған. Қазір оқиға орнында еңбек инспекторлары тергеу жүргізуде.

Қайғылы оқиға Хромтау ауданында орналасқан «Ақтөбе мыс» компаниясының кен орнында болған. Үгіту аппаратын басқаратын жұмысшы түнгі аусымға шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшы кеннің жоғарыдан опырылып түскенін аңғарып үлгермеген деген болжам бар. Жұмысшы оқиға орнында қаза тапты. 

Жұмыс беруші марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетілетінін атап өтті.

“Шахтада кен опырылған. Жазатайым оқиға деп айтуға болады. Тергеп-тексеру 20 қазанда аяқталады”, – деді Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторы Асхат Жұмалы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: