Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 21:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ақжармалықтар оң өзгерістерге сенеді

19.05.2022

638 0


Қазақстандықтар тарихи таңдаудың қарсаңында Ел алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу – саяси дамудың келесі кезеңі екенін түсіну қажет. Себебі ел тағдырын анықтайтын реформаларға бүкіл халық атсалысуы қажет.
Осы орайда бүгін «AMANAT»партиясы республикалық штабының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғ.Әміреев Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылының азаматтарымен кездесіп, ауқымды шараның маңыздылығын түсіндірді.
«Мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізілуде. Бұл – «Халық үніне құлақ астаны мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі. Президентіміздің референдум өткізу туралы ұсынысы түрлі кемшіліктерді болдырмауға мүмкіндік берері анық. Сонымен бірге, азаматтардың өткір де өзекті мәселелерін шешіп, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына тікелей көмектесе отырып, сыбайлас жемқорлықпен және азаматтық қоғамға жат құбылыстармен күресіп, әділетті өмір сүруге мүмкіндік береді» – деп атап өтті Ғ.Әміреев.
Кездесуге қатысқан тұрғындар өзгерістерге толы референдумды қолдайтындарын айтса, ауыл ақсақалдары еліміз үшін бұл бастаманың оңтайлы болатынына сенім білдіріп, ақ баталарын берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: