Оқиға 7 шілдеде Кіші Арал теңізі аумағында болған. Ол Ақеспе ауылынан 3 шақырымдай қашықтықта орналасқан. 1978 жылғы азамат сағат 16.00-де моторлы қайықпен кетіп бара жатқан сәтінде теңізге батып кеткен.
«Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару жасағынан 4 құтқарушы мен 1 техника барды. Суға кеткен азаматтың мүрдесі 9 шілдеде сағат 17.43-те табылды. Құтқарушылар марқұмның мәйітін туысқандарына тапсырды», деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!