Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 06:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Астана әуежайында төтенше жағдай орын алды

18.08.2024

222 0

Сурет:ulysmedia.kz

Астана әуежайының әкімшілігі ұшу-қону жолағындағы төтенше жағдайдың мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де Boeing 777-300ER бортында Токиодан Цюрихке ұшқан Swissair ұшағы Астана әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды. Экипаж 50 жастағы жолаушы инсульт алды деген күдікке байланысты қонуға шешім қабылдаған.

Ұшақ сәтті қонғанымен кейінірек ұшу-қону жолағынан сырғып шығып кеткен.

«Сағат 16:00-де сәтті қонғаннан кейін, такси жолындағы бұрылыс кезінде экипаждың қателігінен ұшақ топырақты жерге сырғып кетті.
Осыған байланысты сағат 16:03-те құтқару жұмыстарын жүргізу үшін дабылды ескерту жарияланды», – делінген хабарламада.

Астана әуежайы екі сағатқа барлық рейстерге уақытша жабылды.

Оқиғаның бірнеше куәгері журналистерге Астана әуежайында туындаған мәселеге қатысты ақпарат жеткізді.

Оқырмандар елордаға қонуы тиіс ұшақ белгілі бір себептермен Қарағандыға қарай ұшып кеткенін айтты. Оларға елорда әуежайында болған нақтыланбаған апат туралы хабарлаған.

Ал өзге куәгерлер Swiss International Air Lines ұшағы Астанаға шұғыл қонып, тіпті ұшу-қону жолағынан шығып кеткенін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: