Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Астана тұрғыны жасөспірімге бәліш сатып алып берем деп 120 мың теңгесінен айырылып қалды

31.10.2022

607 0

Ер адам ақшаның жоғалғанын келесі күні ғана біліп, полицияға хабарласқан.

Астанада жасөспірім ер адамды алдап, оның телефонындағы қосымша арқылы досының шотына ақша аударған, деп хабарлайды Polisia.kz. порталы.

14 жастағы жасөспірім кешкі уақытта көшеде бейтаныс адамға жақындап келіп, оған қатты аш екенін айтып, бәліш сатып алып беруді өтінген. Баланы аяған ер адам оны дүкенге алып барып, өтінішін орындайды. Осы уақытта ол ер адамның қосымшаға кіру паролін көріп алған.

Содан көшеге шыққаннан кейін жасөспірім одан қоңырау шалу үшін телефон сұраған. Қала тұрғыны оған ұялы телефонын береді, кішкентай қаскүнем қосымшаға кіріп, досының картасына 122 мың теңге аударған. Аударым жасағаннан кейін ол телефонды қайтарып берген. Ер адам ақшаның жоғалғанын келесі күні ғана біліп, полицияға хабарласқан.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды. Бала ақшаны жұмсап үлгерген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Жасөспірім өзінің кінәсін мойындады. Ювеналды полиция қызметкерлері оны ерекше бақылауға алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: