Атырау қаласында екі қабатты мейрамхана кешенінің шатыры өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрттің жалпы аумағы 500 шаршы метрді құрады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Геолог шағын ауданында, Аққұлов көшесінде орналасқан нысанда болған.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер келген сәтте от мейрамхананың екінші қабатындағы ағаш шатыр құрылымдарын шарпып үлгерген. Қызметкерлер мен келушілер дер кезінде эвакуацияланған.
Өртті сөндіру барысын түсіндірген Атырау облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары, полковник Әбділдә Баякеевтің айтуынша, жалын тез тарағанымен, өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында өрттің ғимараттың төменгі қабатына өтпеуіне жол берілмеді.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!