Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 00:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Атышулы Балтабек ақын атын өзгертіп алды

15.02.2023

665 0

Әлеуметтік желі арқылы билік басындағыларға ода жазып, аты шыққан Балтабек Нұрғалиев есімін ауыстырды. Ақынның жаңа ныспысы – Исламбек.

Бұл туралы ақын өзінің Facebook-тағы парақшасында жариялады. Онда Балтабек өз атының әу баста азан шақырылмай қойылғанын және Жаңа Қазақстанда сол олқылықтың орнын толтыруға бел байлағанын жазған.

«Мен атымды қойған адамнан: «менің атым азан шақырылып қойылған ба?» деп сұрадым. Ол «жоқ» деді. Сондықтан мен бұл олқылықтың орнын толтыру үшін, тұрғызылғанына ғасыр толған мешітке барып, атымды азан шақыртып қойғызып алдым. Енді менде жаңа есім – «Исламбек». Құжат бойынша  – Балтабек. Ал азан шақырылуы бойынша есімім – Исламбек. Жаңа Қазақстан құру үшін адамда жаңа есім болуы керек деп шештім. Дұрыс па?», – деп жазды Балтабек Нұрғалиев.

Өзін Исламбек деп атаған ақынды әжуалап, желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр.

«Көктем әлі келген жоқ еді ғой. Мен білсем әлі 15 күн бар», «Байғұс бала-ай! Осы балаға 30-дан асса да, ақыл кірмеді ғой», «Азан шақырғаннан бұрын, арасына күн салмай 40   күн мешітке түнетіп тұрып оқытып алу керек еді», «Енді Исламбек деген көркем есімді жағымпазданып былғама», «Атыңызды өзгерткенмен, затыңыз өзгермейді-ау», – деп жазды желі қолданушылары.

aikyn.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: