5 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:12 шамасында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыраны ұшырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Зымыранға №4 «Электро-Л» ғарыш кемесі бекітілді.
Роскосмос хабарлауынша, «Электро-Л» сериялы ғарыш аппараты ғалымдарға ауа райын болжауға, авиациялық ұшулар шарттарын талдауға, теңіз және мұхит суының жағдайын бақылауға, сондай-ақ қауіпті аймақтардағы төтенше жағдайларды жою шараларын жоспарлауға көмектеседі.
Қазір электро жүйесінде 2011 жылдан бері «Электро-Л» №2 және «Электро-Л» №3 екі жер серігі пайдаланылып келеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!