Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Балабақшада тәрбиеші бүлдіршінді ұрып, аузын жарақаттаған

19.08.2024

273 0

Сурет: stan.kz

Балабақшада тәрбиешінің бүлдіршінді ұрған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Оқиға  Атыраудағы балабақшалардың бірінде орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүлдіршіннің балабақшаға барғанына үш күн ғана болған. Үшінші күні анасы баланың аузы ісініп, көгергенін байқады. Содан кейін камераны көрсетуді талап еткен.

Видеода тыныш отырған бүлдіршінді тәрбиеші ұрып-жұлқылаған. Салдарынан бала кереуетке соғылып, басын жарақаттап алған. 

«Келесі күні мен камерадан күтушінің баламды қалай ұрғанын көрдім, бірақ басшылық бұл фактіні мойындамай, қызметкердің байланыс нөмерін беруден бас тартты. Ол WhatsApp хабарламаларын оқыды, бірақ жауап бермеді. Мен қатты ашуландым», – дейді қыздың анасы.

Айтуынша, бала қазір күндіз-түні жылап, құса бастаған.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары басталды», – дейді облыстық полиция департаменті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: