Жұма, 22 қараша, 01:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Балабақшада үш қабатты кереует баланың үстіне құлап кетті

10.07.2024

346 0

Сурет: Видеодан скрин

 Павлодардағы жекеменшік балабақшалардың бірінде үш қабатты кереует 2 жасар баланың үстіне құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқыс жағдай ақпан айында болған. Төсектің баланың үстіне құлаған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан үш бүлдіршіннің кереуетке шығуға талпынып жатқанын көруге болады. Сол кезде тербеліп тұрған төсек баланың үстіне құлап кеткен. Жиһаздың астында қалған бүлдіршіннің иығы сынып, жарақат алды.

Тәрбиеші ойыншықтарды жинап жүріп, балаларды назардан тыс қалдырған. Сорақысы, мекеме қызметкерлері болған жағдай туралы баланың ата-анасына ешетеңе айтпаған. Анасы ұлының жарақаты туралы кездейсоқ білген. Сөйтіп полицияға шағым түсірген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Білім басқармасының өкілдерінің айтуынша, міндетін тиісінше атқармаған тәрбиешінің мәселесі сотта қаралады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: