Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Балалар би клубына шабуыл:екі бала көз жұмып, тоғызы ауыр жараланған

30.07.2024

223 0

Сурет: El.kz

Англияның солтүстігіндегі Ливерпульге жақын Саутпорт қаласында балалар би клубына шабуыл жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екі бала пышақ жарақатынан қайтыс болса, тағы тоғызы ауыр жараланды. ВВС ақпаратынша, балаларды қорғамақ болған екі ересек адам да жарақат алған. Шабуыл жасады деген күдікпен жақын маңдағы Бэнкс қаласының 17 жастағы тұрғыны қамауға алынды. Оның балалар клубына неге шабуыл жасағаны белгісіз.

Оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатырмыз. Тұрғындарды болжам жасамауға шақырамыз. Оқиғаның лаңкестікке қатысы жоғын да растай аламыз, – дейді жергілікті полиция.

Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаған жасөспірім Саутпорт орталығына таксимен келіп, жүргізушіге жол ақысын төлеуден бас тартқан. Бетперде таққан соң, бірден балалар клубына кіріп, пышақпен шабуылдаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: